«Tanym: Learning, Practice and Assessment» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы (бұдан әрі – Журнал) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде 2026 жылғы 26 қаңтарда тіркелген (куәлік № KZ73VPY00140238). 2026 жылдың наурыз айынан бастап журнал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілген (https://uba.edu.kz/storage/app/media/TIZIM%2004.03.2026.pdf). Журнал педагогикалық зерттеулердің, әдістемелік әзірлемелердің және инновациялық білім беру тәжірибелерінің нәтижелерін жариялау және талқылау үшін кәсіби платформа ретінде әрекет етеді. Журнал мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру педагогтеріне, педагогикалық мамандықтағы студенттерге, магистранттарға, сондай-ақ қазіргі заманауи педагогикалық ғылым мен практиканы дамытуға мүдделі барлық мамандарға арналған. Журнал жылына төрт рет (үш айда бір рет) электрондық форматта шығарылады. Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Жарияланымдардың тақырыптық бағыттары:
пәндік оқыту әдістемесі;
білім берудегі цифрлық технологиялар;
білім алушының тұлғасын дамыту және тәрбие беру4
арнайы және инклюзивті білім беру;
педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы;
білім берудегі менеджмент.
Материалдарды ұсыну және талқылау рәсімі Мақалалар редакцияға журнал сайты арқылы, электрондық пошта арқылы (ascent_rg@outlook.com) немесе басқа да ресми байланыс арналары арқылы жіберіледі. Барлық материалдар іріктеуден, «Антиплагиат» жүйеде міндетті тексеруден және сараптамалық рецензиядан өтеді. Материалдарды рецензиялауды білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшылар құпиялылық, объективтілік және академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Рецензиялау нәтижелері бойынша мақала жарияланымға қабылдануы, авторға пысықтау үшін қайтарылуы немесе қабылданбауы мүмкін. Төлемді автор мақаланы редакциялық кеңес мақұлдағаннан кейін жасайды. Төлемді растайтын құжат журналдың ресми электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Мақалаларға қойылатын талаптар редакциялық саясатта көрсетілген.
«Tanym: Research in Education» ғылыми-педагогикалық электрондық басылымы (бұдан әрі – Басылым) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде 2026 жылғы 26 қаңтарда тіркелген (куәлік № KZ46VPY00140239). 2026 жылдың наурыз айынан бастап журнал ҚР Оқу-ағарту министрлігінің зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізілген (https://uba.edu.kz/storage/app/media/TIZIM%2004.03.2026.pdf). Басылым білім беру саласындағы ғылыми және педагогикалық қызметті жүзеге асыратын зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға, педагогикалық бағытта оқып жатқан докторанттарға, сондай-ақ білім берудегі педагогикалық ғылым мен зерттеулерді дамытуға мүдделі мамандар мен сарапшыларға бағытталған. Басылым жылына төрт рет (үш айда бір рет) электрондық форматта шығарылады. Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Жарияланымдардың тақырыптық бағыттары:
білім беру тарихы, философиясы және әдістемесі;
психолого-педагогикалық зерттеулер;
оқу пәндерін оқыту әдістемесі;
тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі;
білім берудегі бағалау және өлшем;
электрондық оқыту және білім берудің цифрлық трансформациясы;
инклюзивті және арнайы білім беру;
салыстырмалы және халықаралық білім;
менеджмент және білім беру экономикасы;
педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы.
Материалдарды ұсыну және талқылау рәсімі Қолжазбалар журналдың редакциясына ресми сайт арқылы, редакцияның электрондық поштасы арқылы (ascent_rg@outlook.com) не журналдың редакциясы айқындаған өзге де ресми байланыс арналары арқылы жіберіледі. Барлық келіп түскен материалдар:
редакциялық алқаның алдын ала іріктеуінен;
плагиатқа қарсы жүйені пайдалана отырып, сәйкестіктердің болу не болмауын міндетті тексеруден;
сараптамалық рецензиялаудан өтеді.
Рецензиялау нәтижелері бойынша мақала жарияланымға қабылдануы, авторға пысықтау үшін қайтарылуы немесе қабылданбауы мүмкін. Төлемді автор(лар) мақаланы жариялауға қабылдағаннан кейін жүзеге асырады. Төлемді растайтын құжат Басылым редакциясының ресми электрондық поштасына жіберіледі. Мақалаларға қойылатын талаптар редакциялық саясатта көрсетілген.